Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда анасы мен қызы Жайық өзеніне батып кете жаздады

Опубликовано:

өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

11 шілдеде кешкісін Оралда анасы мен қызы суға батып кете жаздады, деп хабарлайды "Мой город" порталы БҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға сағат 18.45-те Стелла ауданында Жайық өзенінде болған.

Анықталғандай суға шомылып жүрген 13 жастағы қыз кенет бата бастаған, мұны байқаған 43 жастағы анасы оны құтқаруға талпынған.

Алайда әйел судың ағынына төтеп бере алмай, өзі де бата бастаған. Абырой болғанда құтқарушылар уақытында келіп, анасы мен қызын құтқарып, жағаға алып шыққан.

ТЖД мәліметінше, олар жабдықталмаған жерде шомылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978101-oralda-anasy-men-qyzy-zaiyq-ozenine-batyp-kete-zazdady/

pixel