Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі ойын-сауық орталығында 15 жастағы қыз көз жұмды

Опубликовано:

Көз жұмған қыздың туыстары
Көз жұмған қыздың туыстары. Видеодан кадр: Otyrar.kz

Шымкенттегі фастфуд кафесінде кассир болып жұмыс істеп, еден жуатын 15 жастағы қыз көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім тоқ соққаннан қайтыс болған. Қазіргі уақытта полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақында 9-сыныпты бітіріп, аттестат алған жасөспірімнің болашаққа сенімі мол еді. Ол демалысқа ақша жинап қана қоймай, анасына көмектесетін.

Алайда жасөспірім қыз 3 шілде күні Шымкенттегі ойын-сауық орталықтарының бірінде орналасқан фастфуд кафесіндегі жұмыс орнында қайтыс болған.

"Мен оны мәйітханада көргенімде беті түгел көгеріп кеткен, құлағының арты қан, басында гематома болды", – дейді марқұмның анасы Бибіғайша Құттыбаева.

Туыстарының сөзінше, бастапқыда қыздың электр тоғынан қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ кейін мекеме жасөспірімнің өліміне басқа нәрсе себеп болғанын айтқан.

"Олардың айтуынша, таңертең әпкем аш қарынға энергетикалық сусын ішкен. Содан кейін жүрегі ауырып, құлап қалған. Басында бізге тоқ соқты деп айтқандықтан, бұл жайт түсініксіз. Біз онымен бірге жұмыс істеген қызбен сөйлескенде ол әпкемнің басынан түтін шыққанын айтты", – дейді марқұмның ағасы Женишхан Қалыбай.

Ал анасы қызының жүрегі ауырған емес деп отыр. Жұмыс орнында жұмыстың ауырлығына қарамастан, ол әпкесімен бірге жұмыс істеген.

Шымкент қаласының Қаратау АІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Аянхан Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Кафенің жұмысына құқықтық баға беріледі", - дейді ол.

Қазір мекеме жабық. Туыстарының қолында алдын-ала сараптама қорытындысы бар, онда қыздың өліміне электр тоғы себеп болғаны айтылған.

Дегенмен соңғы қорытынды 20 күннен кейін беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978189-symkenttegi-oiyn-sauyq-ortalygynda-15-zastagy-qyz-koz-zumdy/

pixel