Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Велосипедпен келе жатты": Алматыға жақын жерде 10 жасар бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды

Опубликовано:

жүк көлігі
Фото: instagram.com/5region.kz

Алматы маңында велосипед тізгіндеген 10 жасар бала жүк көлігінің дөңгелегінің астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген фото Instagram әлеуметтік желісіндегі 5region.kz тобында жарияланды.

"Куәгерлердің айтуынша, бала велосипедпен келе жатып, жол қиылысында оны тоқтата алмай қоқыс жинайтын жүк көлігінің астына түскен", - делінген жазбада.

Алматы облысы полиция депратаменті бұған қатысты пікір білдіріп, қайғылы жағдай 13 шілде күні таңғы сағат 10 шамасында Іле ауданының Жетіген ауылында тіркелгенін жеткізді.

"Жол-көлік оқиғасы Виноградная және Южная көшелерінің қиылысында болды. Бала велосипедпен келе жатып, жүк көлігінің дөңгелегінің астына түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды. "Камазды" 62 жастағы ер адам басқарған. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жұмыстары басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік ережелін бұзу). Тергеу облыстық анықтау басқармасына тапсырылды",-делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама жүргізу үшін жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978285-velosipedpen-kele-zatty-almatyga-zaqyn-zerde-10-zasar-bala-zuk-koliginin-astyna-tusip-koz-zumdy/

pixel