Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: Атырау облыстық полиция департаментінен

Атырау облысында Lada Granta жеңіл көлігі жүк пойызымен соқтығысып, салдарынан 54 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Оқыс жағдай Мақат кентінен 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға туралы хабарлама Мақат аудандық №8 ӨСБ байланыс бекетіне 13 шілдеде сағат 11:45-те келіп түскен.

Хабарламда темір жол өткелінен өтпек болғанда Lada Granta жеңіл көлігі жүк пойызымен соқтығысқаны туралы айтылған.

"Соқтығысу салдарынан 1999 жылы туған көлік жүргізушісінің жарақат алғандығы және 1968 жылғы азаматтың оқиға орнында көз жұмғандығын анықталды. ТЖД қызметкерлері арнайы "Холматро" құралы арқылы 54 жастағы ер адамның денесін көліктен шығарып алды", - дейді облыстық ТЖД-дан.

Ал жүк пойызының тіркемесінде құрылыс материалдары тиелген 66 жүк вагоны болған.

Куәгердің айтуынша, жеңіл көліктегі жолаушы мен жүргізуші мұнай саласында қызмет етеді. Олар Мақат кенті маңындағы "Восточный Мақат" кен орындарына қарай бет алып бара жатқан.

"Қазір вахтаның ауысу кезеңі. Екеуі де мұнай кен орнында вахтада жұмыс жасайды деп айтып жатыр ауылдастар. Пойыз келе жатқан кезде әрі қарай өтіп үлгерем деп ойлаған болу керек. Өйткені сол жерде көп жүргізуші солай жасайды", - дейді Мақат кентінің тұрғыны Асхат Есқалиев.

Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік жүргізушісінің жағдайы орташа ауыр. Ол Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Науқастың сол жақ қабырғасы сынған және сол жақты гемопневмоторакс, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған. Қазіргі кезде жағдайы орташа ауыр", - дейді Атырау облыстық денсаулық басқармасынан.

Материал авторы: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978324-atyrau-oblysynda-zuk-poiyzy-men-zenil-kolik-soqtygysyp-bir-adam-qaza-boldy/

pixel