Шымкентте бір жасар бала бассейнге батып кетті
Опубликовано:

Шымкентте бір жасар бала бассейнге батып кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қазіргі кезде қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ТЖД-ның мәліметінше, оқыс оқиға 14 шілде күні шамамен сағат 22.00-де Қызылжар шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде болған.
2021 жылы туған бала ауладағы бассейнге құлап, батып кеткен.
"Алдын ала болжам бойынша, бала қараусыз қалған, ата-анасы жанында болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабардар етті ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жергілікті тұрғын суға батып бара жатқан ағайынды үш баланы құтқарып қалғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978666-symkentte-bir-zasar-bala-basseinge-batyp-ketti/