Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар құтқарылды: Бұқтырма су қоймасында 24 адам демалып жүрген катер суға батып кетті

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында дауыл тұрып, 24 адам мінген катер суға батып кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары растап отыр.

Ведомство мәліметінше, оқиға 17 шілде күні сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған.

"Секундына 20 метрге жеткен қатты жел салдарынан "Садко" демалыс орталығынан "Аюда" базасына бет алған тұрақты жолаушылар қайығы суға бата бастаған. Бортта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда болған", - деді Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері. 

Су
Оқиға орнынан фото: Altaynews

Абырой болғанда, су көлігінде болған барлық адам құтқарылды. Жағалауда жүрген демалаушылар оның батып жатқанын көріп катер және гидроскутерлермен оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бірінші кезекте тоғыз бала құтқарылған. Қалған адамдарды жағаға екі рейспен жеткізгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1978914-buqtyrma-su-qoimasynda-24-adam-demalyp-zurgen-qaiyq-batty/