Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсай қаласында үйінің кірберісінен кәсіпкердің денесі табылды

Опубликовано:

Өтуге болмайды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

БҚО-ның Ақсай қаласында оқ жарақатын алған кәсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

БАҚ-тың жазуынша, ер адамның денесі 15 шілде күні шамамен 22.00-де Ихсанов көшесінде орналасқан өз үйінің кірберісінен табылған.

Марқұм дүкен иесі болған.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқ кәсіпкердің басына тиген.

Қылмыс құралы ретінде ауладағы қақпаның маңынан маркасы белгісіз бір ауызды тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленген.

Дүкен иесінің денесі сот-медициналық сараптамадан өту үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілген.

Құзырлы орган қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979074-aqsai-qalasynda-uiinin-kirberisinen-kasipkerdin-denesi-tabyldy/

pixel