Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 12 жастағы қыз егіз бауырларын өрттен аман алып шықты

Опубликовано:

12 жасар қыз егіз бауырын өрттен алып шықты
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте құтқарушылар келгенше 12 жасар қыз бір жастағы егіз бауырларын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Өрт өткен жұма күні түнде шыққан. Бұл уақытта ата-анасы балаларын жатқызып, өздері көрші үйге сүт алуға кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Otyrar.kz сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысы егіз бауырлары ұйықтап жатқан бөлмедегі креслодан өрт шығып, тұтана бастағанын байқаған. Өртті сөндірмек болып әрекеттенгенімен қызыл жалын дес бермеген. Содан ол бауырларының біреуін көтеріп, сыртқа алып шығады да, қайтадан өртеніп жатқан үйге кіріп, екінші бауырын алып шыққан.

Шымкенттік үш баланың анасы Мария Саворовская 12 жасар қызы егіз бауырларын өртеніп жатқан бөлмеден сыртқа біртіндеп шығарғанын айтып берді.

"Сосын қызым маған келіп: "Анашым, кешіріңізші, інімді үйден алып шығып, оны жерге отырғызып кеттім. Өйткені, екіншісі үйде қалып қойғандықтан, соған қарай жүгірдім" дейді.

"Шынымды айтсам, мен өзім шошып кеттім, ол өзі әлі бала ғой, ол да қорқып, қашып кетуі мүмкін еді. Түн ішіндегі өрттен қызымның шошып қалғаны сонша, қол-аяғы біразға дейін дірілдеп тұрды. Балаларға үй толығымен өртеніп кеткенін айтқан жоқпыз, олар көрші үйде қонды", – деді шымкенттік тұрғын.

Өрт сөндірушілер келгенше олар көршілерінің көмегімен өртті сөндіріп үлгерген. Соның арқасында ауыр қайғыдан аман қалдық дейді Мария.

Ол өрттің шығуына кондиционердегі сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деді.

"Біз үйге келсек, терезеден оның өртеніп жатқанын көрдік. Бірден шлангпен су шаштық, есік алдындағы бассейннен су алдық. ТЖД қызметкерлері тез келді, бірақ ол кезде өртті сөндіріп қойғанбыз", – деп қосты Мария Саворовская.

Болған жағдайға бей жай қарамаған шымкенттік тұрғын үш баласы бар отбасына көмектесіп, оларды уақытша баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Шымкент Төтенше жағдай департаменті NUR.KZ тілшісіне өрт туралы хабарлама 15 шілде күні сағат 22.03-те келіп түскенін айтты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минут ішінде келген, бірақ олар келгенге дейін өртті ауыздықтап үлгерген. Оның себебі – кондиционердің қысқа тұйықталуы.

"Белгілі болғандай, 12 жасар қыз ұйықтап жатқан егіз бауырларын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Жасөспірімнің бұл батыл әрекеті Шымкент ТЖД басшылығының назарынан тыс қалған жоқ. Мектеп оқушысы марапаттауға ұсынылды", – деп атап өтті ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979201-symkentte-12-zasar-qyz-egiz-bauyrlaryn-ortten-aman-alyp-syqty/

pixel