Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылқылар жолға шығып кеткен: Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: otyrar.kz

Шымкентте жолға шығып кеткен жылқылар адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына себеп болды. Аталған факті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның ақпаратынша, 16 шілдеде ішінде төрт жолаушысы бар "ВАЗ-21099" көлігі Төле би ауданынан Шымкентке қарай келе жатқан.

Бір мезете Еңбекшіқазақ ауданында тас жолда көліктің алдынан жылқылар жүгіріп шыққан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жылқыларды қаққан. Осыдан кейін көлік қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, өзге бір көлікпен соқтығысқан.

Салдарынан "ВАЗ" жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ көліктің тағы төрт жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адм өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Шымкент қаласының полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979203-zylqylar-zolga-sygyp-ketken-symkentte-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty/

pixel