Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда тас жол опырылып түсті

Опубликовано:

Тас жол опырылды
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Қарағандыда коммуналдық апат бір көшенің қозғалысын тұралатып тастады. Үш метр тереңдіктегі кәріз құбыры жарылып, салдарынан тас жолдың үсті үлкен орға айналған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тас жолдың үсті жарым түнде опырылып түскен. Ел аяғы басылғанда болғасын, шұңқырға ешкім құламапты.

Оқиғаны көрген жүргіншілер мұны таспаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген соң оның маңы дереу қоршалған. Ордың тереңдігі 3 метр, көлемі де осы шамалас.

3 метр тереңдікте жатқан кәріз құбыры қашан жарылғаны белгісіз. Ұзақ уақыттан бері су ағып, жолдың астын ойып тастаған. 60 жыл болған бұл құбыр әбден тозған дейді мамандар.

"Бүгін таң атысымен оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Опырылған жерде түні бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құбырдың жарылған жерін жамап, кешке дейін орды жабу жоспарланған. Одан кейін, үстіне тас жол төсеу жұмыстары ертеңге дейін ақталады", - деді "Қарағанды Су" ЖШС баспасөз хатшысы Марина Богдан.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979693-qaragandyda-tas-zol-opyrylyp-tusti/

pixel