jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Құрбыларымен демалуға барған": Ақмола облысында суға кеткен 27 жастағы бойжеткен іздестірілуде

    Ақмола облысында суға кеткен бойжеткен табылмай жатыр
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақмола облысында суға батып кеткен 27 жастағы қыздың денесі үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілде күні Аршалы ауданы аумағындағы Астана су қоймасында болған.

    "19 шілде күні 21:03 шамасында Аршалы аудандық ПБ кезекшісі хабарласып, Астана су қоймасында жағадан 250-300 метр қашықтықта, 20 метр тереңдікте, белгісіз жағдайларда су гидроциклінен құлаған 1995 жылғы қыз суға батып кеткенін айтты. Қазіргі уақытта құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы суға батқан адамды іздестіруде", - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, суға кеткен бойжеткен БАҚ-та қызмет етеді, бұрын Қазақпарат халықаралық агенттігінде жұмыс істеген.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.

    "Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    "Құрбыларымен демалуға барған": Ақмола облысында суға кеткен 27 жастағы бойжеткен іздестірілуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.