Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басы қысылып қалған": Алматыда 19 жастағы студент жетінші қабатта салбырап тұрған баланы құтқарды (видео)

Опубликовано:

Алматыда 19 жастағы жігіт жетінші қабатта ілініп тұрған балақайды құтқарды
Ерасыл Махмұд. Фото: instagram/almaty_tjd

Алматыда 19 жастағы студент жетінші қабатта салбырап тұрған балақайды құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға 21 шілде күні Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Оқиға куәгері, 67 жастағы Ермекбай Тамабаевтың айтуынша, жетінші қабаттағы өрт сөндірушілер сатысына балақайдың басы қысылып қалған.

"Мен бір жасар немеремді ертіп, серуендеп жүргем. Кенет баланың қатты жылаған даусын естідім. Ол жетінші қабаттағы өрт сөндірушілер баспалдағына басымен қысылып қалған. Ал денесі төмен қарай салбырап тұрды", - дейді қария.

Қолында кішкентай немересі бар Ермекбай қария айналасындағыларды дереу көмекке шақыра бастаған.

"Менің өтінішіме бір жас жігіт дереу құлақ асты. Ол соңғы секундтарда бар күшімен тордан ұстап тұрған баланы шығарып алды да, анасына табыстады. Аллаға шүкір, баланы құтқарып қалды. Жас жігітке көп рахмет", - дейді ол.

Ал жетінші қабаттан құлауға шақ қалған бүлдіршінді 19 жастағы студент Махмұд Ерасыл Архатұлы құтқарып қалған. Ол Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықту факультетінде білім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979829-basy-qysylyp-qalgan-almatyda-19-zastagy-student-zetinsi-qabatta-salbyrap-turgan-balany-qutqardy-video/

pixel