Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ірі бизнес орталықтың 19-қабаты өртке оранды (фото)

Опубликовано:

Нұрлы Тау
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан "Нұрлы Тау" бизнес орталығының 19-қабатында өрт шықты деп хабарлайды Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 19:03-те келіп жеткен.

Өрт сөндірушілер кондиционердің сыртқы блогы өртеніп, артынша өрт балконға (жалпы ауданы 2 шаршы метр) тарағанын анықтады.

Өрт тез арада сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқтығын хабралды.

Алматыда Нұрлы Тау өртенді
Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін 19 шілде күні Теміртау қаласында ішінде алты қыз бала болған екі бөлмелі пәтер өртеніп кете жаздағанын жазған едік. Абырой болғанда, балаларды көршілері құтқарып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979853-almatydagy-iri-biznes-ortalyqtyn-19-qabaty-ortke-orandy-foto/

pixel