Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті

Опубликовано:

Бассейнге бала құлап кетті
Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте демалыс күндері балалардың қатысуымен екі бірдей оқыс жағдай болды. Бүлдіршіндердің бірі бассейнге, екіншісі су жиналатын құдыққа құлап кеткен. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 23 шілде күні сағат 22:30-да жедел жәрдем қызметінен жеке үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған баланың қаңқалы бассейнге құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Бассейннің тереңдігі 1,4 метр болған.

Зардап шегушіні оқиға орнынан қалалық балалар ауруханасына жеткізген. Кішкентай пациенттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Оған аспирациялық синдром, бас миының ісінуі, 1 дәрежелі кома диагнозы қойылған.

Екінші жағдайда да ТЖД қызметкерлеріне дәрігерлерден ақпарат түскен. Оқиға 24 шілде күні сағат 00:05 шамасында болған. Жеке үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған ер бала су жиналатын құдыққа құлап кеткен.

Ол да қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Зардап шегушінің жағдайы орташа деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980015-symkentte-basseinge-qulagan-bala-komaga-tusti/

pixel