Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысындағы Жарқайың аудандық ауруханасына пышақ жарақатын алған екі ер адам түскен. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 24 шілдеде аудандық ауруханға 1991 жылы туған екі жергілікті тұрғынның жеткізілгені туралы хабарлама келіп келген.

Олардың бірі құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алған, ал екіншісіне дәрігерлер геморрагиялық шок диагнозын қойған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның аудан орталығындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің аумағында болғанын анықтаған.

Сонымен қатар күдікті ретінде бұрын бопсалау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстаған.

Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тергеу басталған.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980108-aqmola-oblysynda-eki-er-adam-pysaq-zaraqatymen-auruxanaga-tusti/

pixel