Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы төбелес: Полицейге аспанға оқ атуға тура келген (видео)

Опубликовано:

Әуежайдағы төбелес
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматы әуежайында төбелескен үш ер адам ұсталды. Төбелес кезінде ауыр қылмыстың алдын алу үшін полиция қызметкері қызметтік қарудан аспанға оқ атқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы Халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полиция бекетінің құрамында қызмет еткен полиция қызметкерлеріне ер адам келіп, көлік тұрағында төбелес болып жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына барған полицейлер үш ер адам төбелесіп жатқанын байқаған. Кейін анықталғандай, олар мас күйде болған.

Ер адамдар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берген.

Төбелеске қатысушылардың бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған У.есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болған.

Ауыр қылмыстың алдын алу үшін тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан.

Нәтижесінде төбелеске қатысушылар ұсталған. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары болып шыққан. Күдіктілердің екеуі адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотты болған.

Құзырлы орган төбелеске қатысушылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сараланғанын атап өтті. Күдіктілер қамауға алынған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980173-almaty-auezaiyndagy-tobeles-policiya-auyr-qylmystyn-aldyn-alu-usin-aspanga-oq-atqan-video/

pixel