Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды
Жарияланған күні:
Жетісу өңірінде трактордың астына 6 жасар бала түсіп көз жұмды. Алматы облысының полиция департаменті бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға Алакөл ауданында орналасқан Үшарал қаласында болған.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында 50 жастағы трактор жүргізушісінің бала тұрған үйге шөп әкелгенін анықтады.
Ересектер шөпті түсіріп жатқан уақытта аулада ойнап жүрген 6 жасар бала трактордың тіркемесіне жабысқан.
Ауыл шаруашылығына арналған көлік қозғалғанда бүлдіршін дөңгелектің астында қалып, көз жұмды.
"Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-тармағы бойынша ("Абайсызда адам өлтіру") тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді Алматы облысының полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980234-zetisu-oblysynda-6-zasar-bala-traktordyn-astyna-tusip-mert-boldy/