jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте көшеден жас жігіттің денесі табылды

    жігіт12
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 шілде күні сағат түнгі екі шамасында болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ведомствоның мәліметінше, 26 шілде күні түнде Абай ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысында 2003 жылы туған ер адамның денесі табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

    "Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабымен тіркелді. Денеге сот-медициналық сараптама тайғайындалды.

    Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде, 2005 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда",- делінген хабарламада.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт баласы бар ерлі-зайыптының денесі табылғанын жазған едік.

    Шымкентте көшеден жас жігіттің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.