Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Опубликовано:

жол апаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам мерт болып, тағы екі адам ауруханаға түскен. Оқиғаның мән-жайын өңірлік полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның дерегіне сүйенсек, 28 шілде күні сағат 14.40 шамасында "102" кезекші пультіне Ақтау-Бейнеу республикалық тасжолының 325-шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай Lada Priora жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-Benz S320 көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында екі көліктің жүргізушісі мен Lada Priora көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан. Зардап шеккен тағы екі азамат жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Аталған факті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу") бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті облыстық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980873-mangystau-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-tort-adam-qaza-tapty/

pixel