Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолын сындырған": Таразда ірі бизнесменнің қызын қарақшылар ұрлап кетті

Опубликовано:

Таразда ірі кәсіпкердің қызын ұрлап кетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразда 6 адамнан құралған топ қаладағы ірі кәсіпкердің қызын ұрлап кетті. Оны босату үшін 100 млн теңге талап еткен, - деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жәбірленушіні өзі үйінің алдында бейтаныс біреулер күтіп тұрған. Күш көрсетіп, қолын сындырып көлікке отырғызған. Қолын байлап, бір үйге апарыпты. Кейін 3 күн бойы әр жерге ауыстырып отырған.

Бірақ Тараздағы ең ірі жолаушы тасымалдау компаниясының басшысынан қызы үшін 100 млн теңге сұрағандардың құйтырқы әрекеті жүзеге аспады. Бірнеше тәуліктен соң қылмыстық топтың 2 сыбайласы қолға түсті.

Қарақшылық топтың басшысы бұған дейін де танысының баласын ұрлап ақша талап еткені үшін 7 жылға сотталған көрінеді. Ал топтың бір мүшесі жәбірленушінің көршісі болған. Бұл әрекетті олар 1 жыл жоспарлаған.

"Сот үкімімен қылмыстық топтың барлығы 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айрылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ. Өйткені сотталғандар апелляциялық тәртіппен шағумдануда. Айта кету керек Жамбыл облысында соңғы 10 жылда мұндай қылмыс орын алмаған", - дейді Жамбыл облыстық прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сайын Сағындық.

Б. Жұмабайұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980940-qolyn-syndyrgan-tarazda-iri-biznesmennin-qyzyn-qaraqsylar-urlap-ketti/

pixel