jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды

    күдікті
    Көрнекі фото: pexels.com

    Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды. Өткен аптада қыз із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған қыз баланың фотосы жарияланған. Оған қоса қыздың 21 шілде күні кешке үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат берілген. Жазба авторы оның денесінің табылғаны туралы да хабарлаған.

    "Панфилов ауданында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды. Қолда бар ақпарат бойынша, оны зорлап, кейін өлтірген. Қылмыскерлерді тауып, ең ауыр жазаға тартуыңызды сұраймын", - делінген жазбада.

    Аталған ақпараттың тарағанын облыстық полиция растады. Ведомствоның хабарлауынша, 1984 жылы туған күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Қызбен жыныстық қатынасқа түскенін және өзі жасаған әрекетінен қорқып, кісі өлтіргенін мойындаған жергілікті тұрғынды полиция анықтады. Күдіктінің айғақтарын тексеру және нақтылау кезінде жәбірленушінің мәйіті ауылдардың бірінің шетіндегі жерленген жерінен шығарылып, сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Аталмыш факті бойынша облыстық полиция департаментінің тергеушілері тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Қылмыстық іс ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3, 10 және 14-тармақтарымен, сондай-ақ ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен қозғалғаны көрсетілген. Кінәсі дәлелденсе, күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.