Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті

Опубликовано:

Ринат Жанқылышов
Ринат Жанқылышов. Фото: Махамбет ауданының ресми сайты

Жексенбі, 31 шілде күні Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға туралы департаменттің диспетчер пультіне 31 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 22:38-де хабар берілген.

Басылым мәліметінше, Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының жанында Жайық өзеніне суға түскен. Бірақ судан қайта шықпай қалған.

"Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысына кірісті. Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Жергілікті "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, аудан басшысы арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

Махамбет ауданы әкімдігінің ресми сайтында Ринат Жанқылышовтың 2021 жылдың ақпан айында әкім болып тағайындалғаны көрсетілген.

Оның "экономист", "заңгер" және "мұнай-газ ісі" мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Ринат Жанқылышов еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.

2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981073-atyrau-oblysynda-audan-akimi-zaiyq-ozenine-batyp-ketti/

pixel