Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап әкетіп, бір түнде үш жол апатын жасаған

Опубликовано:

жедел жәрдем
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда ер адам бір түнде жедел жәрдем көлігі мен тағы бірнеше көлікті ұрлап әкетіп, үш жол апатын жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өткен түнде алматылықтар полицейлердің жедел жәрдем көлігін қуып бара жатқанын видеоға түсіріп алған. Бейнежазба kris.p.almata Instagram парақшасында пайда болды. Куәгердің сөзінше, кадрлар Саяхат автобекеті маңында түсірілген. Оқиғаның мән-жайын полиция хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен түні сағат 21:45-те Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағынан BMW көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Көлік ұрлаған адам ауладан шығып бара жатып, "Audi" автокөлігімен соқтығысқан, артынша жасырынып қалған.

"Бірнеше минуттан кейін тәртіп бұзушы көлікпен Алматы облысы Есік қаласында қозғалыс бөлігінің қарсы жолағына шығып кетіп, "Toyota" көлігімен соқтығысқан. Көлік ұрысы оқиға орнынан жаяу қашып кеткен", - делінген Алматы қалалық ПД ресми хабарламасында.

Ер адам мұнымен тоқтамаған. Артынша ол 28 жастағы қыздың "Nissan" маркалы көлігін күшпен тартып алған. Алайда онымен алысқа кете алмаған: ер адам тас жолда көлікті аударып алған.

"Куәгерлер "жедел жәрдем" шақырған. Осы жерде күдіктіге көлікті ұрлап кету туралы ой келеді. Ол облыстық жедел жәрдем стансасына тиесілі Jac Sunray көлігімен тағы да қалаға кіріп, "Ұстап алу" жоспары бойынша патрульдік полицияның экипажына бірден ұсталды", - дейді құқық қорғаушылар.

Полиция баспасөз қызметі атап өткендей, медициналық тексеру кезінде күдіктінің 1994 жылы туған азамат екені және оның есірткіге еліткен күйде болғаны анықталған. Қазіргі таңда ол қамауда.

Бұл оқиға бойынша Медеу аудандық ПБ, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ АПБ полиция бөлімшелерінде бөтен көліктерді заңсыз басып алу деректері бойынша үш қылмыстық іс тіркелген.

Сонымен қатар, үш ЖКО дерегі бойынша іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981102-almatyda-er-adam-zedel-zardem-koligin-urlap-aketip-bir-tunde-us-zol-apatyn-zasagan/

pixel