Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік екіге бөлініп қалды: Алматы облысында жол апатынан екі бала қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апатынан екі бала қаза тапты
Оқиға болған жердегі видеодан кадр: Instagram.com/kris_p_issyk

Алматы облысында жол бойында Mitsubishi Space Wagon көлігі аударылып қалды. Көлік ішінде жас әйел мен үш кішкентай бала болған, олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы облыстық полиция департаментінде айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік жол апатынан кейінгі видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде пайда болды.

Кадрдан жол жиегіндегі көліктің екіге бөлініп, шашылып қалғанын көруге болады. Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және бір топ ер адамдар жүр. Соңғылары Есікке бара жатқан жолдағы "Маловодное – Сатай" Жол апаты" жол-көлік оқиғасының куәгерлері болуы мүмкін.

“Куәгерлердің айтуынша, "3-4 жасар кішкентай бала мен бір әйел көз жұмды", – делінген хабарламада.

Алматы облысының полиция департаменті жол апатынан балалардың қаза болғанын растап, оқиғаның мән жайынан мәлімет берді.

Ведомствоның хабарлауынша, видео 2 тамыз күні жол-көлік оқиғасы болған Еңбекшіқазақ ауданында түсірілген.

"Mitsubishi Space Wagon көлігінің қатысуымен болған жол апаты Қаракемір – Бәйдібек би тас жолының 71-шақырымында орын алды. Көліктің рулінде отырған 30 жастағы әйел оған ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қатты соққыдан көлікке техникалық зақым келгені атап өтілді.

"Жол апатынан екі жас бала көз жұмды. Жүргізушінің өзі және тағы 3 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті", – деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Қазіргі уақытта ЖКО қылмыстық тергеуі Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша жүргізілуде.

Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981393-kolik-ekige-bolinip-qaldy-almaty-oblysynda-zol-apatynan-eki-bala-qaza-tapty-video/

pixel