Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты: Бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы маңында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты. Оқиға орнында 40 жастағы ер адам қаза тапты, тағы үш адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан фото мен видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кадрдан толық жанып кеткен жеңіл көлік пен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция қызметкерлерін байқауға болады.

Өңір полициясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, видео 2 тамызда Іле ауданында түсірілген.

Темір жол өткелдерінің бірінде жүк пойызы мен Audi 100 көлігінің соқтығысқаны анықталды.

"Пойыз Еңбек-Құйған тас жолында орналасқан теміржол өткелінде жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан оқиға орнында 40 жастағы жүргізуші қаза тапты. Сонымен қатар шетел көлігі өртке оранды.

Көлік салонында болған тағы үш ер адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981536-almaty-manynda-zenil-kolik-pen-poiyz-soqtygysty-bir-adam-qaza-tauyp-us-adam-zardap-sekti-video/

pixel