Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 2 жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс жағдай бүгін, 3 тамыз күні сағат 14.00 шамасында болған.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тұран шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің екінші қабатынан екі жасар бала құлап кеткен. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтап жатыр.

"Жыл басынан бері Шымкент қаласында бұл төртінші оқиға, барлық жағдайда балалар қараусыз қалған. Өткен жылы осы мерзім ішінде 7 оқиға тіркелген еді", - деп мәлімдеді Шымкен қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981602-symkentte-2-zasar-bala-turgyn-uidin-ekinsi-qabatynan-qulap-ketti/

pixel