Полиция көлігі қаққан алматылық әйел оқиға орнында көз жұмды
Опубликовано:

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, салдарынан 49 жастағы алматылық оқиға орнында көз жұмды. Алматы қаласы ПД бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы түсірілген видео Instagram-дағы krisp_almaty парақшасында пайда болды.
Жазба сипаттамасында оқиғаның Жансүгіров көшесінде болғаны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаменті полиция қызметкерінің жаяу жүргіншіні қағып кеткенін растады.
"Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды", - делінген департамент хабарламасында.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981729-policiya-koligi-qaqqan-almatylyq-aiel-oqiga-ornynda-koz-zumdy/