Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өрт сөндірушілер азық-түлік сақталған қоймадан шыққан өртпен екі сағат бойы алысқан

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бейсенбі, 4 тамыз күні Алматыда азық-түлік тауарлары сақталған қоймадан өрт шықты. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Алмалы ауданындағы Мұқанов көшесінде, сағат 21:42 шамасында шыққан.

Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері төтенше жағдай орнына 21:45-те жеткен. Белгілі болғандай, азық-түлік өнімдері сақталған қойма өртенген. Сағат 23:05-те өрт оқшауланып, 23:44-те толық өшірілген.

"ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекеті өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа таралуының алдын алды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құраған, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981901-almatyda-ort-sondirusiler-azyq-tulik-saqtalgan-qoimadan-syqqan-ortpen-eki-sagat-boiy-alysqan/

pixel