Алматы облысындағы ауылдардың бірінде атыс болды: Бір адам көз жұмды (видео)
Жарияланған күні:
Алматы облысында жастар арасында қарулы қақтығыс болды. Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ тиген үш ер адам жеткізілді, олардың бірі көз жұмды. Бұған қатысты Алматы облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде Ұзынағаш ауылында түсірілген видео тарап жатыр. Кадрдан жол жиегінде тұрған жас жігіттер мен жұмыс істеп жатқан патрульдік полицейлерді көруге болады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, видео қарулы қақтығыспен байланысты. Оқиға 4 тамызда Жамбыл ауданында тіркелген. Салдарынан 1993-1995 жылдары туған үш жергілікті тұрғын жарақат алып, Ұзынағаш аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі медициналық мекемеде көз жұмды.
"Жарақат алғандар Ұзынағаш ауылының ауруханасына сағат 16:20 шамасында жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция барлық мән-жайды анықтауға және қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1981905-almaty-oblysyndagy-auyldardyn-birinde-atys-boldy-bir-adam-koz-zumdy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.