Алматыда генерал-майор тергеу изоляторында өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Жайлаубек Халықұлы
Фото: online.zakon.kz

Алматыда полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, таңғы сағат 7 кезінде қамауда отырған Жайлаубек Халықұлын қарауылдағы бақылаушы бірінші болып көрген. Мекеменің кезекші бөлімі дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің механикалық асфиксиядан көз жұмғанын растады.

"Оқиға орнына тергеу тобы, прокуратура өкілдері, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы келді. Тексеру барысында оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер анықталмады", - делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі кезде өңірлік департамент қызметтік тексеруді тағайындады. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, Жайлаубек Халықұлы осы жылдың мамыр айында ұсталған болатын. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

Халықұлы қылмыстық істі тоқтатып, алдау жолымен істі азаматтың ақшасы мен мүлкін иеленді деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982041-almatyda-general-maior-tergeu-izolyatorynda-oli-kuiinde-tabyldy/

jitsu gif