Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тауып, үш бала зардап шекті

Опубликовано:

жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысында Audi мен Renault көліктерінің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты. Оқиға орнынан үш бала ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік жол апатының мән-жайын NUR.KZ тілшісіне облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол апаты орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Кадрда екі көліктің соқтығысқаны түсірілген. Көліктердің жанында қайтыс болған адамдардың денесі жатыр.

"Жүргізуші Алматы – Шонжы тас жолында қарсы жолаққа шығып кетіп, алдындағы көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр", – делінген хабарламада.

Полицейлер жол апатын растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты 6 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданында Audi және Renault автокөліктерінің қатысуымен болған.

"Audi рөлінде 22 жастағы жүргізуші болған, ол "Алматы – Көкпек – Көктал" автожолының 181 шақырымында рөлді басқара алмай, қозғалыстың қарсы жолағына шығып, Renault автокөлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде оқиға орнында 5 адам қаза тапты. Сондай-ақ сол жерден Шелек ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен үш кәмелетке толмаған бала жатқызылды", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982162-almaty-oblysynda-bolgan-zantursigerlik-zol-apatynan-bes-adam-qaza-tauyp-us-bala-zardap-sekti/

pixel