Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында дауыл кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мерт болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жауынгер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше, 9 тамызда Алматы облысында дауыл кезінде 19 жастағы Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қаза тапты. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс басталған, деп хабарлайды Ұлттық ұлан ресми сайтында.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес 5571 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальон жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында далалық жаттығуда болған.

"9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп өзі соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп, жарақат алған.

Жедел медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын тіркеді", - делінген хабарламада.

А.Н. Шахимов 2003 жылы туған. Ұлттық ұлан қатарына биылғы көктемде Ақмола облысы Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.

Аталған факті туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс басталды.

"Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі А.Н. Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Telegram каналында дауыл салдары түсірілген фото мен видеоны жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982526-almaty-oblysynda-dauyl-kezinde-ulttyq-ulannyn-askeri-qyzmetsisi-mert-boldy/

pixel