Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орындықта қалдырып кеткен": Ақтөбе тұрғыны түн ішінде бес айлық баланы тауып алды

Опубликовано:

орындық
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде түнгі уақытта көшедегі орындықтан анасы ұмыт қалдырған бес айлық бала табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Instagram парақшасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 11 тамызда түнгі 01:00 шамасында Ақтөбе қаласының №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне бір азаматша бес айлық бала алып келген.

Тұрғын баланы 8 наурыз көшесіндегі көп қабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырған жерінен байқаған.

"Мен оның анасының мас күйінде белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын да көрдім, алайда баланы сол орындыққа қалдырып кеткен", - дейді ақтөбелік тұрғын.

Полиция департаментінен хабарлағандай, ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, сәбиді "Үміт" балалар үйіне орналастырған.

Ал осы оқиғадан бір сағаттай уақыт өткен соң полицияға сәбидің 1997 жылы туған анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан.

Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексеріп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

"Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарауға құжаттар жанақтап жібермек. Комиссияның шешімі бойынша азаматша баласын сәбилер үйінен ала алады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1982755-oryndyqta-qaldyryp-ketken-aqtobe-turgyny-tun-isinde-bes-ailyq-balany-tauyp-aldy/

pixel