Нұр-Сұлтанда Land Cruiser баланы басып кетті

Опубликовано:

Бала көлік доңғалақтарының астында қалды
Фото: Polisia.kz

Елордада жол-көлік оқиғасы орын алды. Элиталық жол талғамайтын көліктің дөңгелектерінің астында бала қайтыс болды, деп хабарлайды ІІМ ресми медиа порталы Polisia.kz.

Қайғылы оқиға бүгін, 16 тамыз күні сағат 11:38-де, Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында орын алды.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде баланы басып кеткен. Алған жарақаттарынан кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасында баланың қаза болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жүргізушілерге сақ болуға және мүмкіндігінше мұқият болуға кеңес беріледі, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерде кесіп өту ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында елордада Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің қатысуымен тағы бір жол апаты орын алған болатын. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік аударылып қалған еді. Оқиға бақылау камерасының объективіне түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1983418-nur-sultanda-land-cruiser-balany-basyp-ketti/