Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көшеде көлік өртенді (видео, фото)

Опубликовано:

өртенген көлік
Фото: Instagram/nur-sultan_tjd

Елорда көшелерінің бірінде Volkswagen Passat көлігі өртенді. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады, деп хабарлайды елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

Өртеніп жатқан көлік түсірілген кадрлар астаналық Instagram-пабликтерде жарияланды. Видеода көліктің алдыңғы бөлігінің қалай жанып жатқанын көруге болады.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 09:57-де елордалық ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама алған.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін Volkswagen Passat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанғаны белгілі болды. Өрт 10.15-те толығымен сөндірілді. Барлығы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1984246-nur-sultanda-kosede-kolik-ortendi-video-foto/

pixel