Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда алтын бұйымдары бар әжейді өлтірді деген күдікпен 45 жастағы әйел ұсталды

Опубликовано:

Қостанайлық әйел алтын үшін адам өлтірді деген күдікке ілінді
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы департамент бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылып, тұрғындар дереу полицияға хабарлаған. Ерлан Омарбековтің айтуынша, қылмысты ашуға облыстағы тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылды.

Екі сағаттан кейін күдікті ұсталды. Ол 45 жастағы жұмыссыз әйел болып шықты. Күдіктіден заттай дәлелдемелер алынды.

75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985818-qostanaida-altyn-buiymdary-bar-azeidi-oltirdi-degen-kudikpen-45-zastagy-aiel-ustaldy/

pixel