Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да өрт: Көктөбе баурайында шөп жанып жатыр

Опубликовано:

Көктөбедегі өрт
Видеодан кадр: t.me/nehabar

Оңтүстік астананың Медеу ауданында тағы да өрт шықты. Дәлірек айтсақ, Көктөбе бөктерінде тағы да шөп жанып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД дерегінше, сағат 18:56-да Кеңсай тауының баурайындағы өрт ауыздықталғаннан кейін өрт сөндірушілерге Жәнібеков көшесінің бойында (Көк-Төбе телемұнарасы аумағы) өрт шыққаны тіралы хабар түскен.

Бірнеше минуттан кейін ТЖД өрт деңгейі жоғарылағанын, қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары артып келе жатқанын қосты. Көктөбе баурайындағы өрттің куәгерлері оқиға орнынан желіге фото және видео тарата бастады.

Айта кетейік, өрт сөндірушілер тау бөктеріндегі отпен таңғы сағат 11-ден бастап күресе бастады: алдымен Кеңсай тауының баурайында құрғақ шөп өртенді. Кейін жалын Кеңсай-2 зиратының аумағына тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986475-almatyda-tagy-da-ort-koktobe-bauraiynda-sop-zanyp-zatyr/

pixel