Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жас жігітті бетон қоршауы басып, қаза тапты

Опубликовано:

Павлодар облысында жігітті басып қалған бетон қоршау
Оқиға орны. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

7 қыркүйек күні Павлодар облысындағы Қалқаман ауылында жантүршігерлік оқиға болды. 25 жастағы жігітті бетон қоршауы басып қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 7 қыркүйек күні сағат 12:21-де Павлодар облысы Ақсу ауданының Қалқаман ауылында жазатайым оқиға фактісі бойынша полицияға қоңырау түскен.

Промышленная көшесі, 1 мекенжайы бойынша бір ЖШС-нің бетон қоршауды орнату кезінде 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған.

"Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ІІМ.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, 2020 жылы осыған ұқсас оқиға Қарағанды ​​облысында болған еді. Топар кентіндегі құрылыстардың бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адамды бетон тақтайшасы жаншып, көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1986797-pavlodar-oblysynda-zas-zigitti-beton-qorsauy-basyp-qaza-tapty/

pixel