Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы Үржар ауданындағы алапат өртті сөндіруге әйелдер де көмектесуде (фото)

Опубликовано:

Әйел адам өрт сөндірушіге су беруде
Оқиға орны. Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы Үржар ауданындағы алапат өрт ауыздықталатын емес. Төрт күннің ішінде қызыл жалын 6000-ға жуық гектарды күлге айналдырды. Қазіргі таңда өртті сөндіруге жұмылдырылған азаматтарға органда қызмет атқаратын әйелдер де қолғабыс қылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Үржар ауданы Қарабұлақ ауылынан 18 шақырымдағы "Шаған-тоғай" учаскесіндегі өртті сөндіруге 321 адам мен 39 техника жұмылдырылған.

Облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерінен құралған топ тілсіз жаумен күндіз-түні арпалысуда.

Өрт ошағы
Өрт ошағы. Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Жалынның ортасында жүрген өрт сөндірушілерге әйелдер тіршілік нәрін жеткізіп отыруды қолға алыпты.

"Үржар аудандық полиция бөлімінде қызмет атқаратын әйелдер өрт сөндірушілерге ішетін су жеткізіп беруді ұйымдастырып жатыр. Олар дүкендерден 5 литрлік суды да өз қалталарынан алуда", – дейді Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1987074-abai-oblysy-urzar-audanyndagy-alapat-ortti-sondiruge-aielder-de-komektesude-foto/

pixel