Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тірiдей өртенді: Шуда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде тарады

Опубликовано:

жол апаты
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жамбыл облысы Шу қаласында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол көлік оқиғасы 9 қыркүйек күні сағат 01:37 шамасында Шу қаласында тіркелген.

Mercedes Benz көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесінің бойында үлкен жылдамдықпен келе жатып, 29 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Volkswagen Golf көлігінің артқы жағына соқтығысқан. 

Қатты соққы салдарынан өртенген Volkswagen Golf ВАЗ-21150 көлігінің алдыңғы жағын "ұрған".

Нәтижесінде Volkswagen Golf көлігінде отырған 21 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, 29 жастағы жүргізуші мен тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тергеу шараларын жүргізу барысында аталған көліктің 30 жастағы жүргізушісі Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқанға дейін Mercedes Benz 124 автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқаннан кейін Auid 100 автокөлігімен соқтығысқан, ал бұл машина инерция бойынша жақын маңдағы Mercedes Benz 124 машинасын соққан.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар және бейәдеп сөздер кездеседі. Бейнежазбаны психикасы әлсіз адамдарға, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды.

Видеоны көру үшін сілтемеге өту керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1987139-tiredei-ortendi-suda-bolgan-zantursigerlik-zol-apatynyn-videosy-zelide-tarady/