Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жол апатынан екі бала мерт болып, тағы алты адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған көліктер
Жол апатына ұшыраған екі көлік. Оқиға орнынан фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, тағы алты адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Polisa.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйек сағат 00:20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда – Павлодар тасжолының 59 шақырымында болған.

Toyota Noah көлігін тізгіндеп келе жатқан 31 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, көлігімен жыраға аударылып кеткен.

Салдарынан 16 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Тағы алты адам, оның ішінде кәмелетке толмаған үш бала ауруханаға жатқызылған.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция көлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988431-pavlodar-oblysynda-zol-apatynan-eki-bala-mert-bolyp-tagy-alty-adam-auruxanaga-tusti/

pixel