Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар қаза тапты

Опубликовано:

СҚО-дағы жол апаты
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолда жеңіл және жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық медиа порталдың мәліметінше, 9 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының маңындағы Жезқазған-Петропавл республикалық автожолының 785 шақырымында Audi C4 автокөлігі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi C4 жүргізушісі мен жолаушысы - Тимирязев ауданының 54 және 40 жастағы тұрғындары жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қажетті сараптамалар тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988502-sqo-da-zenil-kolik-pen-zuk-koligi-soqtygysyp-zolausylar-qaza-tapty/

pixel