Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Көк-Жайлау шатқалынан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

өрт
Көк-жайлау шатқалы. Видеодан кадр: Алматы қаласы ТЖД

Алматы қаласы Медеу ауданында Көк-Жайлау шатқалынан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 26 қыркүйек күні сағат 09.44-те 112 пультіне Медеу ауданы "Көк-Жайлау" шатқалында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МТҰП қызметкерлері жұмылдырылған.

Оқиға орнына көлікпен бару мүмкіндігі болмағандықтан, құтқарушылар жаяу көтерілуде.

Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен жедел ден қою үшін "Қазавиақұтқару" АҚ су ағызу құрылғысы бар тікұшағы да жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрт ауданы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1989581-almatyda-kok-zailau-satqalynan-ort-syqty/

pixel