Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 23 жастағы жігіт көлігінің дөңгелегі істен шығып, жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Қостанай
Қостанайдағы жол апаты. Видеодан кадр: polisia.kz

Қостанайда Kia Cerato көлігінің 23 жастағы жүргізушісі дөңгелегі істен шығып, жол апатына ұшырады. Адам өліміне әкелген оқиға 3 қазан күні кешкі уақытта болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 қазан күні сағат 21.00-де Абай-Арыстанбеков көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан Kia Cerato көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қаза тапқан.

Қостанайлық патрульдік полиция батальонының командирі Талғат Қалисенов атап өткендей, алдын ала болжам бойынша, апатқа көліктің алдыңғы оң жақ дөңгелегінің ақауы себеп болған. Салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылып, мерт болды.

Көлікте болған үш жолаушы зардап шекпеген. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1990967-qostanaida-23-zastagy-zigit-koliginin-dongelegi-isten-sygyp-zol-apatyna-usyrady/

pixel