Ақтөбе облысында жүк көліктері соқтығысып, екі жүргізуші де мерт болды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысындағы жол апаты. Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Жексенбі, 9 қазан күні Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілер қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram арнасы.

Жол-көлік оқиғасы 9 қазан күні сағат 13.00 шамасында болған. Ведомство мәліметінше, Shacman автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан Ақтөбе қаласына келе жатып, Ақтөбе - Орынбор автожолының 67-ші шақырымында рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Shacman автокөлігімен соқтығысқан.

Екінші жүк көлігін 35 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1991847-aqtobede-zuk-kolikteri-soqtygysyp-eki-zurgizusi-de-mert-boldy/