Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен 8 жасар қызын пышақтады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Бетін басып отырған қыз бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысындағы Аққайтым орта мектебінің директоры өз отбасын ойрандады деген күдікке ілінді. Ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелі мен сегіз жастағы қызына бірнеше жерден пышақ салған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтамақ. Күдікті сол күні қамауға алынған.

"Ақтөбе облыстық Шалқар аудандық ПБ ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 37 жастағы күдікті анықталып, ол қамауға алынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені - 8, кішісі - 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, "Адам өлтіруге оқталу" бабымен күдіктілген ер адам Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген.

Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.

"2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 6 қазаннан бастап жұмыстан босатылды", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Б. Рахметова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992003-aqtobe-oblysynda-mektep-direktory-aieli-men-8-zasar-qyzyn-pysaqtady-dep-kudiktelude/

pixel