Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда атыста бір адам қаза болып, тағы екі адам жарақат алды

Опубликовано:

қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда атыстан бір адам қайтыс болып, екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның агенттікке хабарлауынша, оқиға 21 қазанда түнде Атырау қаласында болған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына сағат 04:14 шамасында облыстық ауруханадан кеудесінде оқ жарақаты бар ер адамның денесі жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқ жарақатынан мерт болған адамның жасы – 21-де. Сонымен қатар ауруханаға 18 және 19 жастағы екі адам оқ жарақатымен жеткізілген. Олар оқ бытырасынан жарақат алған. Қазір екеуі де облыстық ауруханада жатыр", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ полицияның баспасөз қызметі атыс Атырау-2 шағын ауданында бір топ жігіттің арасында өзара келіспеушіліктен соң болғаны анықталғанын атап өтті.

Құзырлы органның дерегінше, қазіргі таңда қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ведомство өзге ақпарат Қылмыстық процестік-кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәтбаев қаласында оқ жарақатын алған 24 жастағы жігіттің оқиғасына қатысты тағы бірнеше күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993851-atyrauda-atysta-bir-adam-mert-bolyp-eki-adam-zaraqat-aldy/

pixel