Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті

Опубликовано:

Жарылыс болған нысан
Жарылыс болған нысан. Фото: Жетісу облыстық ТЖД

Талдықорғандағы кәсіпорындардың бірінің аумағында жарылыс болды. Салдарынан күзет қызметкері зардап шегіп, ауруанаға жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс жағдайға қатысты ақпарат ең алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Онда бүгін, 22 қазанда таңертең Талдықорған қаласының әр жерінде тұратын тұрғындар қатты жарылыстың дауысын естігені айтылған.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық ТЖД-нің мәліметінше, қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында таңғы сағат 5-те жарылыс боған. Салдарынан 40 жастағы ер адам зардап шеккен.

"ЖШС аумағында жеке тұрған нысанда (күзет үйі) газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан қабырға және 50 шаршы метр аумақты қамтитын төбе опырылған. Сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы заттар өртенген. Бұдан бөлек, 1982 жылы туған күзет қызметкерінің қолы мен бетін күйік шалған. Жағдайы бірқалыпты. Газдың шығу себебі анықталуда", – деп мәлім етті Жетісу облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің өкілдері.

Жарылыс болған нысан
Жарылыс болған нысан. Фото: Жетісу облыстық ТЖД

Ведомство қазіргі таңда оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, сонымен қатар "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1993949-taldyqorganda-gaz-aua-qospasy-zarylyp-bir-adam-zardap-sekti/

pixel