Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында шолу дөңгелегінің кабинасы құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Жаңақорғанда істен шыққан шолу дөңгелегі
Оқиға орны. Видеодан кадр: facebook/Гульмира Абыкай

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында шолу дөңгелегі істен шықты. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл жайтқа қатысты аудандық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Келеңсіз жайттың видеосын журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Оның мәліметінше, Қызылорда облысының Жаңақорған ауылында Республика күні қарсаңында ойын-сауық саябағы ашылған. Кабинасы кенет құлап кеткен шолу дөңгелегі осы жерде орналасқан. Абырой болғанда төтенше жағдай кезінде кабинада ешкім болмаған.

"Сәтін салғанда салбыраған кабинада адам болмады, әйтпесе, мұның соңы немен тынарын елестету қиын", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Аталған жағдайға қатысты Жаңақорған аудандық әкімдігі пікір білдірді. Әкімдік мәліметінше, оқыс оқиға шолу дөңгелегін сынау кезінде болған. Бұл кезде кабинаға адамдар отырғызылмағандықтан, ешкім зардап шекпеген. Қазір күннің суықтығына байланысты аттракцион жұмысын тоқтатып тұр.

Шенеуніктердің айтуынша, демалыс саябағы меценат Марлен Ысқақовтың қаражатына салынған.

"Бюджеттен ешқандай қаражат бөлінген жоқ", - дейді аудан әкімдігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1994316-qyzylorda-oblysynda-solu-dongeleginin-kabinasy-qulap-ketti-video/

pixel