Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жиналған жаңбыр суына құлаған екі жасар бүлдіршін көз жұмды

Жарияланған күні:

Түркістан облысындағы су басқан ауладағы құтқарушылар
Су басқан ауладағы құтқарушылар. Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында үлкендердің қарауынсыз қалған екі жасар бүлдіршін өз үйінің ауласындағы жаңбыр суы жиналған шұңқырға құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға бүгін, 26 қазан күні Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында орын алған. Үлкендердің қарауынсыз қалған ұл бала өз үйінің ауласындағы жаңбыр суы жиналған шұңқырға құлап кеткен.

"Бүгін 26 қазан күні Түркістан облысы аумағында сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін үздіксіз жаңбыр жауды. Түнімен толассыз жауған нөсер салдарынан Түркістан облысы Сарыағаш, Төле би, Бәйдібек аудандарының аумағында тұрғын үйлерге су кірген.

Сарыағаш ауданында екі мал қораның ішін су басып, 13 ірі қара мал тұншығып өлген. Сондай-ақ 21 тұрғын үйдің аумағына су кірген”, – деген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Департаменттің хабарлауынша, жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар жұмылдырылған.

Қазіргі кезде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖД су тасқыны кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, оларды ұстануды ескертеді.

  • Қажетті құжаттарды, құндылықтарды, дәрі-дәрмектерді, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды тез жинау қажет.
  • Балаларға, мүгедектерге және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Оларды бірінші кезекте эвакуациялау қажет. Мүмкіндігінше су тасқыны аймағынан дереу кету керек.
  • Үйден шықпас бұрын электр және газбен жабдықтауды өшіріп, пештердегі отты сөндіріңіз. Терезелер мен есіктерді жабыңыз. Малды босатыңыз. Жоғарғы қабаттарға көтеріліңіз.
  • Су астында қалсаңыз ауыр киім мен аяқ киімді шешіп алыңыз, көмек келгенге дейін қолдануға болатын заттарды тауып алыңыз.
  • Су азайғаннан кейін үзілген және салбыраған электр сымдарынан сақ болыңыз.
  • Суға түскен азық-түлікті пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз суды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

"Тұрғын үйге кірер алдында су азайғаннан кейін сақтық шараларын сақтаңыз: бөлмені желдету үшін есіктер мен терезелерді алдын ала ашыңыз, желдету алдында ашық отты пайдаланбаңыз (газдардың жарылғыш өрт қауіпті концентрациясы болуы мүмкін), электр желілерінің жарамдылығын тексермес бұрын жарықтандыру және басқа да электр құрылғыларын қосуға тыйым салынады", – деп ескертеді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1994379-turkistan-oblysynda-zinalgan-zanbyr-suyna-qulagan-eki-zasar-buldirsin-koz-zumdy/